Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағытқа айналды

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы тау-курорттық аймағы Қазақстандағы ең танымал туристік бағыт атанды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-наурыз айлары аралығында өңірде 509 мыңнан астам турист демалған. Бұл көрсеткіш Щучинск-Бурабай курорттық аймағымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе жоғары, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ресми статистикаға сәйкес, алғашқы үш айда Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 116,7 мың адам келген. Туристер саны бойынша одан кейін Маңғыстау, Түркістан және Алтай курорттық аймақтары орналасқан.

Алматы тау-курорттық аймағы шетелдік туристер саны бойынша да көш бастап тұр. Бірінші тоқсанда өңірдегі орналастыру орындарының қызметін 131 мыңнан астам шетелдік қонақ пайдаланған. Бұл – Қазақстанның барлық курорттық аймақтарына келген шетелдік туристердің шамамен 95 пайызы.

Өткен жылдың жазғы маусымындағы көрсеткіштер де өңірдің туристік әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. 2025 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында Алматы тау-курорттық аймағына 1,6 миллион адам келген. Бұл – еліміздің барлық курорттық аймақтарына келген туристердің 54 пайыздан астамын құрайды.

Салыстырмалы түрде алғанда, осы кезеңде Щучинск-Бурабай курорттық аймағында 295 мың, ал Маңғыстау курорттық аймағында 255 мың турист демалған.

Туризм саласы өкілдерінің пікірінше, тау курорттарының танымал болуы олардың біртіндеп жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орталықтарына айналуымен байланысты. Жаз мезгілінде қолайлы климатпен қатар, туристерге жаяу серуендеу бағыттары, аспалы жолдар, велосипед маршруттары, бассейндер, SPA-кешендер, глэмпингтер және белсенді демалыстың басқа да түрлері ұсынылады.

Бұған қоса, көптеген тау курорттарының ірі қалалардан бірнеше сағаттық жерде орналасуы олардың қолжетімділігін арттырып отыр.

Осылайша, Алматы тау-курорттық аймағы қысқы маусыммен қатар, жазғы туристік кезеңде де елдегі көшбасшы туристік бағыт ретіндегі орнын сақтап келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының диқандары егін орағына кірісті

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағытқа айналды

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz