Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: прокуратура 114 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Мұны Алматы облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Alataunews.kz тілшісіне мәлім етті.

03.09.2022
Жаңалықтар

«ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында облыстық прокуратура өкілдері 114 мың га жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жерлердің жалпы құны — 1,4 млрд теңгені құрайды», — дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Ержанұлы.

Оның айтуынша, прокуратура өкілдері аталған жер учаскелері көп жылдар бойы тікелей мақсаты бойынша пайдаланылмағанын анықтаған. Өз кезегінде, басқа фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге мұқтаж болған.

«Мысалы, Іле ауданында жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстарына заңсыз берілген жалпы ауданы 1743 га болатын 10 учаске қайтарылды», — дейді баспасөз хатшысы.

Прокуратура ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда қайтарылған жер учаскелерін жалпыға ортақ жайылымдық жерге ауыстыру бойынша құжаттар рәсімделіп жатыр. Бұл процесс кезең кезеңімен жүзеге асатын болады.
Сонымен қатар Мақсат Ержанұлы осыған дейін мемлекетке қайтарылған жер учаскелерінің 1,5 мың га қоғамдық жайылым ретінде рәсімделгенін атап өтті.

Тегтер: жермемлекет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz