Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы мен Германия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026
Жаңалықтар

Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл 34 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде екі ел арасында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар жүйелі түрде дамып келеді. 2005 жылдан бері Германиядан Қазақстан экономикасына 8 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылған. Қазіргі таңда елімізде неміс капиталының қатысуымен мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Германия Алматы облысының да маңызды сауда серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің жалпы сыртқы сауда айналымы 2,87 млрд АҚШ долларын құраса, оның ішінде Германиямен арадағы тауар айналымы 147 млн долларға жеткен.

Кездесуде тараптар экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретін бірқатар перспективалы бағытқа тоқталды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, машина жасау, заманауи технологияларды енгізу және цифрландыру салаларындағы ықтимал бірлескен жобалар талқыланды.

Сонымен қатар экология, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ тұрғындар үшін жайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларға назар аударылды.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді әріптестікті дамытуға және инвестициялық әрі әлеуметтік бағыттағы жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға мүдделі екенін білдірді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz