Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 4,3 есеге өсті

Алматы облысы мен Франция арасындағы сауда-экономикалық байланыс қарқын алып келеді. Биыл екіжақты тауар айналымы 58 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,3 есеге немесе 330,3%-ға өсті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Францияның Алматыдағы Бас консулы Максим Жеренжемен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026
Жаңалықтар

Өңір басшысының мәліметінше, Франциядан Алматы облысына негізінен химиялық өнімдер, машина жасау жабдықтары, электротехникалық бұйымдар және тамақ өнеркәсібінің тауарлары импортталады.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықпен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды, білім беру мен туризм саласындағы серіктестікті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Биыл Қазақстан мен Франция арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толды. Қазақстан экономикасына тартылған француз инвестициялары энергетика, тау-кен және мұнай-химия өнеркәсібі, көлік, авиация, құрылыс, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен және қызмет көрсету салаларын қамтиды.

Француз бизнесі Алматы облысында да бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, «Soufflet» компаниясы 10 млн долларлық арпа өндіру жобасын іске асырған. Ал «Danone» компаниясы 6 млн доллар инвестиция құйып, йогурт өндіретін екінші желіні іске қосуды жоспарлап отыр.

Білім мен мәдениет саласындағы байланыс кеңеймек

Кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды. Екі жыл бұрын Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған қорытынды іс-шара өтіп, «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасы таныстырылған болатын.

Ал Талғар қаласында француз ғалымы Луи Пастердің құрметіне көше атауы берілген.

Білім беру саласында Париждегі «Gioma Tirell» және «Eliza Lemonier» колледждерімен халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Марат Сұлтанғазиев осы келісім аясында бірлескен оқыту курстарын ашуды ұсынды.

Францияның туризм саласындағы тәжірибесіне қызығушылық бар

Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін де қарастырды. Алматы облысының табиғи және туристік әлеуетін ескере отырып, өңір басшысы Францияның тәжірибесін туристік инфрақұрылымды дамытуға тартуға мүдделі екенін жеткізді.

«Алматы облысының қолайлы климаты мен өзге де мүмкіндіктері кәсіпкерлерге өте қолайлы. Сондай-ақ өңір жаңашылдыққа әркез ашық әрі сенімді серіктестік орнатып, бірлескен жобаларды іске асыруға әрқашан дайын. Бүгінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Біз француз инвесторларының өңірімізге деген сенімін жоғары бағалаймыз және бұл қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделіміз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Францияның Бас консулы Максим Жеренже Қазақстанның Франция үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, су ресурстары мен энергетика, білім беру, гастрономия және туризм бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол.

Бас консул француз компанияларының Алматы облысына қызығушылығы жоғары екенін айтып, алдағы уақытта Қазақстанда, оның ішінде Алматы облысында ауқымды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz