Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

2026 жылғы 10 наурыздан бастап Алматы облысы әкімінің өкімімен Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Жолмырзаұлы Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Саясат

Төлеген Кенжебеков 1986 жылы туған. Жоғары білімді маман. Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, сондай-ақ Құқық және экономика академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Жетісу мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жастар ісі жөніндегі маман ретінде бастаған.

Әр жылдары Алматы облысының Ішкі саясат, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында бас маман болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде бөлім консультанты, бас маман, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

Бұдан бөлек, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

Тегтер: Алматы облысытағайындау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz