Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы биыл салық түсімін рекордтық 1,5 трлн теңгеге жеткізбек

Алматы облысында салық түсімдері рекордтық деңгейге жетпек. Биыл өңір мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер есебінен 1,5 трлн теңге түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – облыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Alataunews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2026
Жаңалықтар

Өңірдің бюджетке түсіретін қаржысы соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. 2025 жылы Алматы облысы алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етті. Оның 490,5 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 628,6 млрд теңгесі жергілікті бюджетке түскен.

Салық көлемінің артуы өңірдегі экономикалық белсенділіктің күшеюімен қатар жүріп отыр. Мұны облыстық бюджетке қаржы аударатын донор аумақтар санының көбеюінен де байқауға болады.

Алматы облысы қайта құрылғанға дейін Іле және Қарасай аудандары ғана донор болған. Қазір олардың қатарына Талғар, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандары, сондай-ақ Қонаев пен Алатау қалалары қосылды. Осылайша облыстағы донор аумақтар саны екіден жетіге дейін артты.

Бұл өзгеріске жаңа өндіріс орындарының ашылуы, инвестиция көлемінің ұлғаюы және кәсіпкерліктің дамуы ықпал еткен. Соңғы жылдары өңірде KT&G, PepsiCo, «ТехноНИКОЛЬ» және «Жетісу Вольфрамдары» секілді ірі компаниялардың жаңа өндірістік жобалары іске қосылды. Бұған қоса, Іле ауданындағы ФМК және JTI кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын кеңейтуі де салық түсімдерінің артуына әсер етті.

Алматы облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораздың айтуынша, донор аумақтардың саны ғана емес, олардың облыстық бюджетке аударатын қаржысы да айтарлықтай көбейген.

«2024 жылы донор аудандардан облыстық бюджетке 276,5 млрд теңге түсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 292,5 млрд теңгеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 241,9 млрд теңге түсті. Биылғы жылдық жоспар – 542,6 млрд теңге. Ең көп түсім түсіретін аудан – Іле ауданы. Былтыр аудан облыстық бюджетке 249,3 млрд теңге аударса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 165,2 млрд теңге түсті. Бұл облыстық бюджет кірістерінің 42,4 пайызын құрайды», – деді Асылан Ораз.

Осылайша, Іле ауданы облыс бюджетінің негізгі кіріс көздерінің бірі болып отыр. Ал жалпы донор аумақтардан биыл бюджетке түсетін қаржы көлемі 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық артады деп жоспарланған.

Өңірде салық түсімдерінің қазіргі өсу қарқыны сақталған жағдайда, Алматы облысы 2029 жылға қарай республикалық бюджетке қаржы аударатын донор өңір мәртебесіне ие болуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz