Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы Беларусьпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Алматы облысы мен Беларусь Республикасының Витебск облысы ауыл шаруашылығы саласын бірлесе дамытуға ниетті. Бұл мәселе Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов және Алматы қаласындағы Бас консулы Денис Мелешкинмен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2026
Жаңалықтар

Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, өзара сауда көлемін арттыру, инвестиция тарту және бірлескен өндіріс орындарын ашу мәселелерін қарастырды. Шыңғыс Әрінов Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қатынас орнаған 34 жыл ішінде екі елдің стратегиялық әріптестігі жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, Алматы облысы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша еліміздің жетекші бес өңірінің қатарына кіреді. Аймақтың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және инвестициялық әлеуеті жоғары.

Сондай-ақ өңір басшысы Беларусь инвесторларын Алатау қаласын дамытуға қатысуға шақырды. Жалпы аумағы 89 мың гектарды құрайтын жаңа қалада инвесторларға салықтық жеңілдіктер мен басқа да қолдау шаралары қарастырылған.

«Беларусь – Алматы облысының маңызды сауда серіктестерінің бірі. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында тауар айналымы көлемі бойынша Ресей мен Қырғызстаннан кейін үшінші орында тұр. Өзара сауданы кеңейту және Беларусь өндірістерін Алматы облысында жергіліктендіру бағытында әлеуетті мүмкіндіктер бар деп санаймыз», – деді Шыңғыс Әрінов.

Бүгінде Алматы облысында Беларусь капиталының қатысуымен 11 кәсіпорын және бірлескен меншік нысанындағы 5 кәсіпорын жұмыс істейді. Өңір басшысы Беларусь компанияларына қажетті өндірістік алаңдар мен инфрақұрылым ұсынуға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшісі Алексей Богданов жылы қабылдауға алғыс білдіріп, сауда, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, Алматы облысында беларусь этносының 1 188 өкілі тұрады. Талғар ауданында «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы жұмыс істейді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2026

Алматы облысының тұрғыны газ қазандығы үшін 20 млн теңгесінен айырылды

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2026

Аутизм: диагноз қоюда неге қателеспеу маңызды?

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
13.11.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Акжаркын
13.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz