Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: ауыз суға зар болған тұрғындар күре жолды жаппақ болды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты "Финансист" саяжай тұрғындары республикалық маңызы бар жолды жаппақ болды. Себеп – ауыз судың әлегі. Амалдары қалмаған саяжай тұрғындары тілшілерден көмек сұрады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

02.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Саяжайда алпыстан астам отбасы тұрады. Өмір сүруге табиғаты қолайлы болғанымен, ауыз суы жоқ болғандықтан тұрғындар саны көбеймей тұр. Ал 60 отбасының алды мұнда 25 жыл бұрын көшіп келген. Жаз маусымы суға жарымаған ауыз, қыс келгенде қаталап қалады. Зейнеткер біткен бір шақырым жерден су тасуға мәжбүр.

Тұрғындар проблемаларын айтып жақын маңдағы Қараой әкімдігіне барған. Бірақ саяжайдың жер көлемі аталған әкімдікке тиесілі болғанмен, саяжайға заң жүзінде жауап бермейтін болып шықты. Тұрғындар кімге барып мұң шағарын білмей, шарасыздан күре жолды жаппақ болды.

Оқиға орнына Қараой ауылының әкімі Айдос Тәженов келді.

«Негізі, бұл саяжай біздің қарамағымызға өтпеген. Сол себепті қаражат та бөлінбеген. Жақында саяжай учаскелерін біртіндеп жақын ауылдарға қосу туралы облыс әкімінің тапсырмасы берілген. Бірінші кезеңде ауыл немесе қала ішінде орналасқан саяжайлар, екінші кезеңде жақын орналасқан, сосын барып үшінші кезеңде алыс орналасқан саяжайлар қосылады. Әрине, біз ол кезеңді күтіп отырмаймыз. Тұрғындармен бірлесіп бұл мәселені оңынан шешеміз. Ол үшін халықтың өзі де қимылдап, бізге қолұшын созу керек. Ешбір мәселе шешімсіз қалмайды», — дейді ауыл әкімі.

Саяжайда статистика бойынша 200 ден астам отбасы тұрады. Бірақ, нақты мекендеп жатқаны 60 отбасы.

Ал әкімдік тұрғындар алдында су проблемасын шешуге уәде етті. Егер мәселе оңынан шешілмесе саяжайлықтар Президентке бейнеүндеу жариялап, күре жолды жабуға мәжбүр екендерін айтты.

Тегтер: Іле ауданы

Соңғы жаңалықтар

Вакцинадан бас тарту несімен қауіпті: маман маңызды сұрақтарға жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
27.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
27.08.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
27.08.2026

ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz