Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: ауылдағы мектептер қаланың білім ошақтарына магнит мектеп болып бекітілді

Мұны Қонаев қаласында ҚР Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтің қатысуымен өткен Тамыз кеңесінде облыстық Білім басқармасы басшысы С. Беспаева айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Елімізде шалғай жатқан ауылдардағы оқу сапасын қалада білім алатын оқушылармен теңестіру мақсатында «Білімді ұлт: сапалы білім беру» жобасы қолға алынды. Аталған жоба аясында облыстық деңгейде «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі»  жобасы әзірленді», – деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Облыстағы бас педагогтың айтуынша, өткен оқу жылында ауыл мектептері аймақтарға бөлініп, облыстағы 8 лицей, гимназияларға  54 магниттік мектеп болып бекітілді.

«Жыл бойында лицей, гимназия педагогтері бекітілген ауыл мектептері педагогтерінің сабақтарына қатысып, пән бойынша ұсыныстар беріп, озық тәжірибелерімен бөлісті», – дейді Салтанат Беспаева.

Сондай-ақ ол облыста 26.05.2022 ж. — 17.06.2022 ж. аралығында үлгерімі төмен 143 451 оқушыға жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылғанын атап өтті.

С. Беспаеваның сөзіне сүйенсек, алдағы  оқу жылында да оқушылардың білім сапасын жақсарту мәселесі өз өзектілігін жоймақ емес.

Тегтер: мектепоқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz