Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы агроөнеркәсіп өнімдерін 50-ден астам елге экспорттап отыр

Алматы облысы Қазақстанның экспортқа бағдарланған жетекші аграрлық өңірлерінің бірі ретіндегі әлеуетін нығайтуды жалғастырып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорт көлемі 491 миллион АҚШ долларынан асып, ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген тауарлар әлемнің 50-ден астам еліне жөнелтілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы экспортының жалпы көлемінде агроөнеркәсіп кешенінің үлесі басым. Өңірдің сыртқы сауда айналымының 60 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу нәтижесінде өндірілген тауарлар құрайды. Бұл көрсеткіш облыстың аграрлық сектордағы әлеуетінің жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді.

Шетелде сұраныс жоғары

Бүгінде Алматы облысында өндірілетін ет және құс еті, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері мен сусындар халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие. Бұл өнімдер көрші мемлекеттермен қатар Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдеріне экспортталып отыр.

Экспорт көлемінің ұлғаюына өңірдегі ірі кәсіпорындардың қосып отырған үлесі айтарлықтай. Олар Қытай, Сауд Арабиясы және ТМД мемлекеттеріне балмұздақ, Ресейге қызанақ пен сублимацияланған өнімдер, сондай-ақ әлемнің түрлі елдеріне шырындар, алкогольсіз сусындар мен шай өнімдерін тұрақты жеткізуде.

Министрлік Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенінде өндірілетін өнімдер бүгінде әлемнің 50-ден астам мемлекетіне экспортталатынын айтады.

«Орталық Азия және ТМД елдерінен басқа, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Германия, Польша, Румыния, Болгария, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Ирак және Пәкістанға жеткізеді», – делінген хабарламада.

Өзбекстан – негізгі сауда серіктестерінің бірі

Алматы облысының сыртқы саудадағы маңызды әріптестерінің бірі – Өзбекстан. Соңғы үш жылда көрші елге экспорт көлемі екі есеге жуық өсіп, 110 миллион АҚШ долларынан 203 миллион АҚШ долларына дейін жеткен.

Министрлік мәліметіне сәйкес, Өзбекстан нарығында Алматы облысында өндірілген ұн мен сүт өнімдеріне сұраныс ерекше жоғары.

Экспорттың өсуіне не ықпал етті?

Сала мамандары өңірдегі экспорт көрсеткіштерінің тұрақты артуын бірнеше негізгі фактормен байланыстырады. Атап айтқанда, өндірістік қуаттарды жаңғырту, инвестиция тарту, инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары экспорт көлемінің ұлғаюына оң әсер еткен.

Бұл жұмыстар өнім жеткізу географиясын кеңейтіп қана қоймай, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы агроөнеркәсіп өнімдерін 50-ден астам елге экспорттап отыр

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Қайыңды көліне апаратын жаңа жол тамызда пайдалануға беріледі

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Алматы облысының таулы аймағында құрғақ шөп өртенді

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Заң үстемдігі – әділетті қоғам мен тұрақты дамудың кепілі

Диана Ахметова
21.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
21.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz