Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы – Бішкек автожолында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Алматы облысында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қарасай ауданы аумағындағы 19–27 шақырым аралығын қамтитын жоба Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту, халықаралық дәліздердің өткізу қабілетін арттыру және жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның басталуына арналған іс-шараға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысы әкімдігінің, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының, Қарасай ауданы әкімдігінің, мердігер ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Техникалық шешімдер таныстырылғаннан кейін құрылыс техникасы жер жұмыстарына кірісті.

Күніне 70 мыңнан астам көлік қатынайды

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, қайта жаңғыртылатын жол бөлігі республикалық маңызы бар ең қарқынды қозғалыс жүретін бағыттардың бірі саналады. Бұл учаскемен тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік өтеді.

Қазіргі төрт жолақты жолдың өткізу мүмкіндігі көлік ағынына сай келмейді. Соның салдарынан көлік кептелісі жиі туындап, қозғалыс жылдамдығы төмендейді. Бұл жағдай Алматы қаласы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы қатынасқа кері әсерін тигізіп отыр.

Жол сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Жоба аясында жолдың жүру бөлігі төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Бұл жолдың өткізу қабілетін бірнеше есе арттырып, жол жүру уақытын қысқартуға және жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар инфрақұрылымды кешенді жаңғырту көзделген. Атап айтқанда:

  • «таға» үлгісіндегі екі жолайрық салынады;
  • тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі тұрғызылады;
  • жол бойына тротуарлар мен заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылады;
  • газ, су, электр және байланыс желілері қайта жаңартылады;
  • жолға жаңа үлгідегі күрделі асфальт-бетон жабыны төселеді.

Жоба 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған.

Алматы – Бішкек автожолын қайта жаңғырту жобасы Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып саналады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (БАКАД) дейін жалғасатын алты радиалды жол мен жеті магистральдық көшені салу және ұзарту жұмыстары қатар жүргізілуде. Сонымен бірге мегаполисте метро, жеңіл рельсті көлік (LRT) және SkyTrain жүйелерін дамыту жобалары да іске асырылып жатыр.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Алматы қаласына кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесі азайып, жол қозғалысының қауіпсіздігі артады. Сондай-ақ қала мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасы айтарлықтай жақсарады.

Бұдан бөлек, жаңғыртылған автожол Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізінің тиімділігін арттыруға, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның өңірлік транзиттік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы агроөнеркәсіп өнімдерін 50-ден астам елге экспорттап отыр

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Қайыңды көліне апаратын жаңа жол тамызда пайдалануға беріледі

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Алматы облысының таулы аймағында құрғақ шөп өртенді

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026

Заң үстемдігі – әділетті қоғам мен тұрақты дамудың кепілі

Диана Ахметова
21.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
21.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz