Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы: бір баланы мектепке дайындау үшін 100 мың теңге керек

Алматы қаласында ең арзан көтерме базардан оқушыны мектепке даярлау құны қанша тұрады, Alataunews.kz тілшілері зерттеп қайтты.

09.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Қазір қызымды ғана мектепке дайындауға мұршам бар. Арзан киім мен оқу құралын іздеп бармаған жерім жоқ. Бұл жерде баға сәл ғана арзандау. Соның өзінде осы қызымның бір қабат қана киімі мен оқулықтарына 90 мың кетті. Сурет альбомы, түрлі-түсті қағаз, бояулар, т.б қоспағанда 90 мың болды. Қалған балаларымды қалай киіндірем, білмеймін», — дейді Алматы қаласының тұрғыны Жамила Акпаева.

Ал атын жасыруды жөн көрген базардағы саудагерлер былтырғымен салыстырғанда оқу құралдарының құны 30% қымбаттағанын айтады. Тіпті, кей жерде баға 40-45% дейін көтерілгендігін тілге тиек етті. Сонымен, Алматының арзан базарындағы оқу-құралдары мен мектеп формасының құны. Қыз бала:

  • ақ кофта – 5000 тг,
  • юбка – 4500 тг,
  • кеудеше – 6000 тг,
  • шашқа тағатын бантик – 2000 тг,
  • туфли – 6000 тг,
  • спорттық аяқ киім – 6500 тг,
  • ақ футболка – 3000 тг,
  • спорттық шалбар – 5000 тг (дене шынықтыру сабағына),
  • ақ колготки – 3500 тг.

Ұл баланың киімі мен құрал жабдығы сәл арзанға түседі. Бұл цифрлар баланы тек бір жерден ғана киіндіргенде төлейтін ақшаңыз. Өйткені көптеп алатындарға ары кетсе 500 теңгеден жеңілдік жасайды. Айта кетейік, бұл киімдер «фирмалық» тауарлардың санатына жатпайды. Ал оқу құралдарына келсек: «Бір ғана баланың оқу құралдарын түгел дайындау үшін 30 мың теңгеңіз болу керек. Қайшы, өшіргіш, пенал, ұштағыштан бастап қажеттің бәрін түгел ала аласыз», — дейді саудагерлер. Бұл – сабақ сөмкесін қоспағандағы шығатын қаражаттың жобасы. Айтпақшы, сапалы сөмкелердің бағасы  «арзан базарда» 8000 тг.

Тегтер: мектеп

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz