Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы әуежайы арқылы 528 млн теңге заңсыз алып өтпек болған

 Жыл басынан бері Алматы қаласының кеденшілері жеке тұлғалардың 528 млн теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті. 

17.06.2022
Жаңалықтар
Ғалматордан

Ғалматордан

Талдықорған, AlatauNews.kz. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері осы кезеңде ӘҚБтК-нің 551, 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 факт анықтаған. «Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн теңгеден асты, осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы — 3,2 млн теңге. Мәселен, қаңтарда Алматы-Абу-Даби бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында Қазақстан азаматы тексерілді, онда 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша болған. Сол сияқты, ақпанда Алматы-Ыстамбұл әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол қаражат табылды.

Материалдар экономикалық тергеу департаментіне берілді. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп жазды ведомстводан. Департамент өкілдері мамырда Сеул-Алматы бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақшасы бар тұрғынның ұсталғанын да мәлімдеді. Маусымның басында ұшып келу залында Дубай-Алматы әуе рейсінен түскен азаматты тексеру барысында 23 200 АҚШ доллары анықталған. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігкке тартылды.

Тегтер: долларзаңсызқылмыс
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz