Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы әкімдігі 19 мың оқушыны мектепке дайындайды

Биыл Алматыда мұқтаж отбасылардан шыққан 19 мың оқушыға мектеп формасы мен кеңсе заттарын сатып алуға әкімдік 800 млн теңге бөліп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

29.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның сөзінше, Алматыда 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.

«Биыл акция 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен жалғасады. Ол аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетуге арналған. Сонымен қатар, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған», — деді ол.

Қазірдің өзінде мектептерде оқушыларға оқу жылына дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін шұғыл желілер, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон номері Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында бар», — дейді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады.

Тегтер: мектеп формасы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Оман Сұлтаны бірқатар маңызды келісімге қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында жаңа форматтағы цифрлық ХҚКО ашылады

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында қоғамдық кеңістіктер жаңарып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
06.10.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz