Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2024
Әлем, Жаңалықтар

Токио демографиялық дағдарыспен күресу үшін жаңа тәсілдерді сынақтан өткізуде. Қазіргі таңда Жапонияда халықтың қартаю қарқыны жоғарылап, ал жастар бала тууға асықпайды. Бұл көбінесе олардың жұмысбастылығы мен өмір салтына байланысты. Осыны ескере отырып, ел үкіметі 4 күндік жұмыс аптасын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, бұл бастама қызметкерлерге аптасына төрт күн ғана жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Жобаның негізгі мақсаты — әйелдерге түсетін жүктемені азайтып, елдегі туу көрсеткішін арттыру. Жапониядағы халық қартаю мәселесі күн тәртібіндегі басты проблемалардың бірі болып отыр.

Жаңа жүйе аясында жұмысшылар тек қысқартылған жұмыс аптасымен шектелмей, сонымен қатар бала күтіміне арналған жартылай демалыс алу құқығына ие болады. Бұл жұмыс уақытын күніне екі сағатқа қысқартуды да қамтиды.

«Әйелдердің бала туу және тәрбиелеу үшін мансабын құрбан етпеуі маңызды. Сондықтан біз жұмыс форматын икемді етуді қарастырып жатырмыз,» – деді Токио губернаторы Юрико Коикэ қалалық ассамблея отырысында.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыЖапония

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz