Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Украина мен Ресей арасындағы жаңа келіссөздер осы аптада Түркияда өтеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа кезеңі Түркияда осы аптада өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми үндеуінде айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2025
Әлем, Жаңалықтар

«Бүгін мен қорғаныс министрі Рустем Умеровпен тұтқын алмасу және ресейлік тараппен Түркияда өтетін тағы бір кездесу бойынша дайындықты талқыладым. Умеров кездесудің сәрсенбіге жоспарланғанын жеткізді», – деді Зеленский.

ТАСС агенттігі ресейлік дереккөздерге сілтеме жасап, келіссөздер 24 шілдеде өтеді деп хабарлады. Сонымен қатар, делегациялар 23 шілдеде Стамбулға келуі мүмкін екенін де жоққа шығармады. Артынша, агенттік Түркиядағы ақпарат көздеріне сүйене отырып, келіссөздердің нақты күні  23 шілде екенін жазды.

Сол күні, яғни 21 шілдеде, Германия қорғаныс министрі Борис Писториус «Рамштайн» форматындағы Қорғаныс бойынша байланыс тобының онлайн отырысында сөз сөйлеп, Украинаға бес қосымша Patriot әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін беру қажеттігін айтты.

«Мен АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің қатысуымен Германияның бес аса қажет Patriot жүйесін жеткізуге үлес қосатынына келістім», – деді ол.

Министрдің айтуынша, алдағы күндері мамандар тобы жиналып, жүйелерді жеткізу жолдарын нақтылайтын болады.

Бұл оқиғалар Украина мен Ресей арасындағы дипломатиялық әрекеттер мен әскери қолдаудың жаңа кезеңге өткенін көрсетіп отыр. Түркиядағы келіссөздер мен Германияның қолдауы – аймақтағы геосаяси процестерге айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыБасты жаңалықтарУкраина

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz