Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Түркияда жағдай ушықты: Көтеріліске шыққандар көбейді

Стамбұл мен Анкарада жаппай наразылықтар басталды. Оның себебі – Стамбұл мэрі және президент Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоглуның қамауға алынуы. Имамоглуды көбіне Түркияның ірі, зайырлы қалаларының тұрғындары қолдайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2025
Әлем

Ал халықаралық NetBloks ұйымы елде интернетке шектеу қойылғаны мәлімдеді.

Желінің жұмысы туралы деректер Түркияда билік әлеуметтік желілерді бұғаттаған соң он екі сағаттан бері интернетте шектеу барын көрсетіп тұр. Бұл шаралар жемқорлық пен терроризм бойынша айыптауға сәйкес, Ыстанбұл мэрі Имамоғлумен қоса, жүзден астам адам ұсталған соң қолданылды, — делінген хабарламада.

? Экрем Имамоглу 54 жаста.
? 2019 жылы ол Түркияның ең халқы көп, әрі либералды қаласы – Стамбұлдың мэрі болып сайланды.
? Ердоған сол кезде дауыс беруді қайта санауды талап етіп, қайта сайлау өткізді, бірақ Имамоглу екінші рет те, тіпті үлкен басымдықпен жеңді.
? Имамоглу Түркияда өте танымал саясаткер. Бір кездері Ердоғанның өзі: «Кім Стамбұлды алса, сол бүкіл елді алады» деген болатын.
? 2023 жылы ол президенттікке үміткер болғысы келді, бірақ оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.
? Имамоглу – Түркияның ең көне саяси күштерінің бірі – Халық-республикалық партиясының өкілі. 23 наурызда партия оны президенттікке үміткер ретінде таңдайды деп күтілген еді.
? 2028 жылғы президенттік сайлауда ол Ердоғанның басты қарсыласы болады деп есептелді.
? Ердоғанның бұл әрекеті өзіне үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін — бүгінгі жаппай наразылықтар соның дәлелі.

Тегтер: Түркия

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz