Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Таиландта қазақстандық туристер мінген катер өртенді

Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылды. Оның ішінде Қазақстаннан барған туристер болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2025
Әлем

Жергілікті ақпарат көздеріне сүйенсек, Таиландта Thana Marine 555 катері қозғалтқыштағы ақауға байланысты жергілікті уақыт бойынша таңғы 09:00 шамасында өртеніп, артынша жарылған. Төтенше жағдай кезінде катердің бортында капитан мен екі экипаж мүшесі болған.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, катер Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған туристерді тасымалдаған. Жалпы бортта 31 адам болған.

Оқиға салдарынан:

  • Капитан мен экипаж мүшесінің бірі күйік шалды;

  • Үш турист пен гид түрлі жарақаттар алған.

Қайғылы оқиға тіркелген сәтте теңіз қызметтері дереу оқиға орнына жіберілді, ал Таиландтың теңіз күзеті арнайы көмек көрсету үшін құтқару кемесін аттандырды.

Өрт салдарынан Thana Marine 555 катері толығымен зақымданды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталу үстінде.

Тегтер: Әлем жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz