Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Румынияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

Румынияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2025
Әлем, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы лауазымына екі негізгі үміткер – оңшыл бағыттағы «Румындарды біріктіру альянсының» жетекшісі Джордже Симион мен Бухарест қаласының еуропашыл мэрі Никушор Дан өзара бақ сынасуда.

Ел бойынша 19 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, дауыс беруге 18 миллионға жуық азамат тіркелген.
Астана уақытымен сағат 9:30-да дауыс берушілердің алғашқы легі тіркелді – сайлаушылардың шамамен 1,21 пайызы (218 мыңнан астам адам) өз таңдауын жасаған. Ең жоғары белсенділік Ильфов (2,01%), Констанца (1,76%) және Кэлэраш (1,7%) өңірлерінде байқалды.

Сайлау 15 мамырда, Жаңа Зеландиядағы учаске алғаш ашылған сәттен басталды. Барлық учаскелер Астана уақытымен 23:00-де жабылады.

Сайлаудың бірінші кезеңі 4 мамырда өткен. Онда Джордже Симион 41% дауыс жинап, алғашқы орынға шыққан. Екінші орын алған Никушор Дан еуропашыл және реформашыл бағытты ұстанатын саясаткер ретінде белгілі.

Айта кету керек, бұған дейін, 2023 жылғы 24 қарашада өткен сайлаудың бірінші кезеңінде тәуелсіз кандидат Кэлин Джорджеску жеңіске жеткен болатын. Алайда, 6 желтоқсанда Румыния Конституциялық соты дауыс беру нәтижесін елеулі заң бұзушылықтар негізінде жойды.

Кейін елдің арнайы қызметтері Ресей тарапының сайлау процесіне ықпал етуге тырысқанын, TikTok және Telegram секілді әлеуметтік желілердегі мыңдаған бот-аккаунттар арқылы үгіт жүргізілгенін мәлімдеді. Джорджеску Ресейдің қолдауына ие болған деп есептеліп, оның науқаны заңсыз қаржыландырылды деген күдікке ілінді.

2024 жылдың ақпан айының соңында Джорджеску сайлауалды науқанды заңсыз қаржыландырғаны және жалған ақпарат таратқаны үшін алты бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол президенттікке үміткер ретінде құжат тапсырғанымен, Орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын тіркемеген.

Бұрынғы президент Клаус Йоханнис 2024 жылдың желтоқсанында өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарамастан, елдегі сайлау нәтижесі жойылғаннан кейін мемлекет басшысының міндетін уақытша атқаруды жалғастырған еді. Бірақ 10 ақпанда оппозициялық партиялар импичмент жариялауға әрекеттене бастаған кезде, ол отставкаға кеткенін жариялады.

Тегтер: Әлем жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области дан старт строительству экологического индустриального объекта

Николай Иващенко
16.04.2026

В Алматинской области стартует масштабная кампания по борьбе с саранчой: под мониторингом окажется более 1,8 млн гектаров

Николай Иващенко
16.04.2026

Пьяная компания избила врача и медсестру в Экибастузе

Николай Иващенко
16.04.2026

Начальника управления полиции Атырау уволили и водворили в изолятор

Николай Иващенко
16.04.2026

В одной из воинских частей Павлодара произошла стрельба: погиб контрактник

Николай Иващенко
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz