Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Йеменде хуситтер БҰҰ-ның 11 қызметкерін тұтқынға алды

БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик халықаралық ұйымның 11 қызметкері ұрланғанын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2024
Әлем, Жаңалықтар

БҰҰ мәліметтері бойынша, 11 адамның тоғызы еркек, екеуі әйел адам болып табылады. Алтауы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі агенттігінде, тағы бір-бірден арнайы өкілдіктің кеңсесінде, даму бөлімінде, ЮНИСЕФ-те, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасында және ЮНЕСКО-да жұмыс істеген.

«Біз бұл оқиғаларға қатты алаңдаушылық танытып, хусит билігінен осы тұтқындаулардың мән-жайына қатысты дереу түсініктеме алуға және ең бастысы, БҰҰ-ның осы қызметкерлеріне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз олардың барлығын тезірек босату үшін мүмкіндігінше бар қолжетімді арналарды пайдаланамыз», – деді БҰҰ өкілі Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында.

Басқа да көмек топтарында жұмыс істейтін адамдар да ұсталды. Майюн адам құқықтары ұйымы бас көтерушілер тобының бақылауындағы төрт провинция – Амран, Ходейда, Саада және Саанада хуситтер ұстаған басқа көмек топтарын атады.

«Біз Біріккен Ұлттар ұйымы қызметкерлерінің халықаралық құқыққа сай артықшылықтары мен иммунитеттерін бұзу болып табылатын аталған қауіпті шиеленісті ең батыл түрде айыптаймыз және оны саяси әрі экономикалық пайда мақсатында бопсалаудың репрессиялық, тоталитарлық тәжірибесі деп санаймыз», – делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Британдық Guardian газеті адамдардың ұрлануын бас көтерушілердің АҚШ бастаған коалицияның қаржылық қысымы мен әуе шабуылдарының күшеюімен бетпе-бет келуімен байланыстырады. Мамыр айының соңында хуситтер ел астанасы Санада қамауда болған 113 әскери тұтқынды босатты.

Тегтер: БҰҰ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz