Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

Бұл туралы тараптардың келіссөздерінде делдал ретінде әрекет еткен Қатар мен АҚШ биліктері растады. Газадағы атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісім Қатар премьер-министрінің ХАМАС өкілдерімен және Израиль өкілдерімен кездесулерінде жасалғаны хабарланды. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.01.2025
Әлем

Қатар премьері Мұхаммед Әл-Тани атысты тоқтату туралы келісім 19 қаңтар, жексенбі күні күшіне енетінін мәлімдеді.

Кейін АҚШ президенті Джо Байден де мәлімдеме жасады:

«Бұл [келісімнің жасалуы] ХАМАС-қа жасалған үлкен қысымның және Ливандағы атысты тоқтату мен Иранның әлсіреуінен кейінгі аймақтық жағдайдың өзгерістерінің ғана емес, сонымен қатар АҚШ-тың қажырлы және мұқият дипломатиясының нәтижесі. Менің дипломатиям мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін күш-жігерін ешқашан тоқтатқан емес», — деді Байден.

Оның айтуынша, бұл келісім 2024 жылдың мамыр айында ұсынылған және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан мақұлдаған өз жоспарына сәйкес жасалған.

Бұл жоспар үш кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезеңі — Қатарда жасалған атысты тоқтату және Израиль тұтқындарын қайтару туралы келісім.

Екінші кезеңде Израиль мен ХАМАС соғысты толық тоқтату үшін нақты қадамдарды талқылайды, деп мәлімдеді АҚШ президенті. Оның айтуынша, бұл кезең алты аптаға созылуы керек, ал егер осы уақыт ішінде келісімдерге қол жеткізілмесе, атысты тоқтату режимі ұзартылатын болады.

Ал соңғы, үшінші кезеңде қалған тұтқындарды Израильге қайтару және Газа секторын қалпына келтіру жоспарын талқылау жүзеге асырылмақ.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыБасты жаңалықтарИзраиль әскері

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz