Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Ирандағы қазақстандықтар Түрікменстан арқылы елден шыға алады

Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі Иран аумағындағы қазақстандықтар мен өзге де шетел азаматтары елден Түрікменстан арқылы шыға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2025
Әлем, Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Министрлік мәліметінше, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Түрікменстан Иранда тұрып жатқан шетелдік дипломаттар мен олардың отбасыларына, сондай-ақ қарапайым азаматтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жедел шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, шекарадан өтуге және қауіпсіз аумақ арқылы елдеріне оралуға мүмкіндік беріліп отыр.

«Түрікменстан Иран аумағында жүрген шетелдік азаматтар мен олардың отбасыларына елден шығу үшін өз аумағын ұсынып отыр», – делінген министрліктің хабарламасында.

Ресми деректерге сәйкес, қазіргі уақытқа дейін Түрікменстан шекара бекеттері арқылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және өзге де елдердің 120 азаматы Ираннан эвакуацияланған.

Түрікмен тарапы оларға көлік, азық-түлік, уақытша тұру орны және ең қажетті заттармен қамтамасыз еткен. Бұл шаралар шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдегі шиеленіскен жағдайдан аман шығуына бағытталған.

Қазақстандықтар үшін бұл мүмкіндік – Ираннан уақытылы және қауіпсіз шығудың маңызды жолдарының бірі.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыИран

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz