Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Иран Израильге соққы жасады: «Шынайы уәде» операциясының оныншы толқыны басталды

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Израиль аумағынан жасалған шабуылдарға жауап ретінде әскери нысандарға соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2025
Әлем, Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

«Иран аумағына жасалған өрескел шабуылға жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері “Шынайы уәде – 3” операциясының оныншы толқыны аясында Израиль агрессиясы басталған авиабазаларға жоспарлы соққы жасады», – делінген ИРСК ресми мәлімдемесінде.

Корпус өкілдерінің мәлімдеуінше, шабуылдар «үздіксіз, кешенді және көпдеңгейлі сипатта» жалғасады.

Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Абдулрахим Мусави сейсенбі күні жасаған видеоүндеуінде осыған дейін жасалған соққыларды алдын ала ескерту деп атады.

«Бұл тек бастамасы. Жазалаушы операциялар алдағы уақытта жүзеге асырылады. Тель-Авив пен Хайфа тұрғындары өз өмірін сақтау үшін бұл қалалардан кетуге тиіс», – деді Мусави.

Сондай-ақ, ол Иран халқы «ешқандай агрессия алдында бас имейтінін» және Израильдің «қылмыстық әрекеттері» үшін міндетті түрде жауап беретінін мәлімдеді.

Шабуыл қалай жасалды?

БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, ИРСК сейсенбі кешінде дрондар мен зымырандарды қолдана отырып, операцияның оныншы кезеңін жүзеге асырған. Бұл әрекеттер Иран мен Израиль арасындағы жағдайдың ушығуын және Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың шиеленісуін одан әрі күшейтіп отыр.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, тараптардың мұндай қарулы қадамдары аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіруі мүмкін.

Тегтер: Израиль әскеріИран

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz