Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Гарвард университеті дүйсенбі күні АҚШ-тың федералдық сотына Трамп әкімшілігіне қарсы талап арыз түсірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2025
Әлем

Әкімшілік университеттің мемлекеттік қаржыландыруын 2 миллиард доллардан астам сомаға тоқтатқан. Бұл туралы BBC хабарлады.

Өткен аптада Гарвард университеті Трамп әкімшілігінің талаптарын қабылдаудан бас тартты. Бұл талаптар DEI (әртүрлілік, теңдік, инклюзия) саясаты аясындағы барлық бағдарламаларды тоқтатуды және кампустарда бетперде тағуға тыйым салуды қамтыған болатын.

Жауап ретінде әкімшілік Гарвардты 9 миллиард доллардың 2,2 миллиардын құрайтын мемлекеттік қаржыландырудан айырды және университетке салықтық жеңілдіктер мен шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айыру қаупін төндірді.

Дональд Трамп президенттікке кіріскен сәттен бастап университеттердегі солшыл идеология мен антисемитизмге қарсы күресті қолға алды. Оның пікірінше, бұл — Газадағы соғыс басталғаннан бері кампустарда болып жатқан Израильге қарсы шу көтерген акциялар арқылы көрініс табуда.

Трамп әкімшілігі осыған ұқсас талаптарды Принстон және Колумбия университеттеріне де қойып, олардың да қаржыландыруын тоқтатты. Алайда сотқа бірінші болып жүгінген — Гарвард университеті.

Тегтер: АҚШӘлем жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz