Өзбекстанның Самарқанд қаласында 23 жастағы бьюти-блогер әрі косметолог Гузаля Махматқұлова көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов растады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Gazeta.uz басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 12 желтоқсанға қараған түні болған. Қазіргі уақытта Самарқанд қалалық прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, куәгерлерден жауап алды. Сонымен қатар, өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Nemolchi.uz жобасы марқұмның достарымен жазысқан хаттарын жариялады. Хаттарда Гузаля күйеуі мен енесінің қысым көрсеткенін айтып, «Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты» деген. Ұйымның мәліметінше, Гузаля отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін, бұл жағдай оның өз-өзіне қол жұмсауына себеп болуы ықтимал.





