Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Экрем Имамоғлы 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

Түркияның Ыстамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоғлы 2025 жылғы 20 қаңтарда өткен панельдік пікірталас кезінде жасаған мәлімдемелері үшін сот үкімімен 1 жыл 8 айға (немесе 20 айға) бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жергілікті басылымдар мәлімдеді, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2025
Әлем

Сот Имамоғлыны Ыстамбұлдың бас прокуроры Акин Гюрлек пен оның отбасына қатысты «қызметтік міндетін атқарып жүрген шенеунікті көпшілік алдында қорлау» және «қоқан-лоққы көрсету» баптары бойынша кінәлі деп тапты. Бұл баптар оның 2025 жылғы панельдік пікірталас кезінде айтқан сөздеріне қатысты қозғалған.

Бастапқыда прокурорлар оған үш түрлі бап бойынша айып тағып, оның ішінде «терроризммен күреске қатысқан тұлғаларды қудалау» да бар болатын. Алайда сот Имамоғлыны дәл осы терроризмге қатысты бап бойынша ақтап шықты.

Сот үкімі бойынша:

  • «Шенеунікті көпшілік алдында қорлағаны» және «қоқан-лоққы көрсеткені» үшін – 1 жыл 5 ай 15 күн,

  • Қосымша – 2 ай 15 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осылайша, жалпы үкім – 1 жыл 8 ай (немесе 20 ай) мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде бекітілді.

Сот үкімінде бұл жаза саяси қызметке тыйым салу шарасын қамтымайтыны нақты көрсетілген. Яғни, Имамоғлыға саяси қызметпен айналысуына қатысты шектеу қойылмайды.

Бұл іс Түркияның ішкі саясатында үлкен резонанс тудырған істердің бірі саналады. Сот шешімі бойынша шағым түсіру мүмкіндігі қарастырылған.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыТүркия

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz