Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМҚ 8, 9 және 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2025
Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ал елдің шығысында түнгі мезгілде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсуі мүмкін.

Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+13°C-тан +1…+9°C-қа дейін төмендесе, күндіз +15…+25°C-тан +10…+20°C аралығында өзгереді.

Солтүстік пен орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 0…+8°C-тан +2…+12°C-қа дейін көтерілсе, күндіз +10…+20°C-тан +17…+25°C-қа дейін жылы болады.

Шығыс Қазақстанда түнгі ауа райы аздап салқындап, -2…+7°C-тан -5…+5°C-қа дейін төмендейді. Дегенмен күндіз біртіндеп жылынып, +13…+21°C-тан +17…+25°C-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы +10…+15°C аралығында сақталып, күндіз +20…+28°C-тан +23…+32°C-қа дейін ысиды.

Оңтүстік-шығыста, соның ішінде таулы аймақтарда түнгі температура +5…+12°C шамасында болады. Ал таулы жерлерде -3…+2°C-тан +3…+8°C-қа дейін көтеріледі. Күндізгі уақытта +15…+25°C-тан +12…+20°C аралығында ауытқиды.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Фото: Шухрат Латипов 

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz