Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кезектен тыс Президент сайлауына 20 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалуы мүмкін

Қазақстан Үкіметі биыл күзде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына шамамен 20 млрд теңге қаржы бөлмек. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева айтты.

08.09.2022
Жаңалықтар

«Президент сайлауы 2024 жылға жоспарланғандықтан оның бюджеті сол жылға есептелген еді. Бірақ өзгерістер мен жаңа тапсырмаларға байланысты қаржы үкімет резервінен бөлінеді. Қазір Орталық сайлау комиссиясы есептеп жатыр. Шығыны – шамамен 20 млрд теңге», — деді Савельева.

Вице-министрдің сөзінше, шығынның көбі сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысына кетеді.

«Олардың еңбегі ең төменгі жалақымен есептеледі. 2019 жылы сайлау өткізгенде төменгі жалақы 42500 теңге болған, биыл — 60 мың теңге. Биылғы сайлауда 70 мыңнан аса адам жұмыс істейді деп отырмыз», — деді Татьяна Савельева.

Вице-министр 2023 жылға жоспарланған Парламент сайлауына ең төменгі жалақының өсуіне байланысты 25 млрд теңге болады деп топшылайды. Елде келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге өсуі тиіс. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы, ал келесі жылы Парламент сайлауы өтетінін жариялаған.

Тегтер: қаржыПрезидентсайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz