Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алдағы аптаға арналған ауа райының болжамы

Қазгидромет алдағы аптада бірқатар өңірде жауын-шашын болатынын болжады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«Қазгиромет» РМК-ның гидрологиялық болжамына сәйкес, қар жамылғысы, негізінен, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.

Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

«Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады. Атап айтқанда, 20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ал 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасында ауытқулар болады, негізінен, сынап бағаны шамалы төмендейді.

Мәселен, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -2 градус суық болады. Сол секілді оңтүстік-шығыс өңірде түнде сынап бағаны 0-ге дейін төмендейді. Шығыс өңірде де түнде сынап бағаны -3 градус суықты көрсетеді.

Тегтер: ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz