Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтарға алданып, егістік жерге үй салып сан соққандар әкімнен көмек сұрады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі зейнеткерлер мен көпбалалы аналар және жергілікті тұрғындарды қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

22.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылының тұрғындары Гуля Тахметова мен Айжан Сосин өздері тұрып жатқан 4 қабатты тұрғын үйге газбен жылыту жүйесін орнатып беруді сұрады. Тұрғындар өз қалтасынан қаражат шығарып, ақылы түрде жылыту жүйесін тарттырмақшы болған. Алайда кейбір заң шеңберінде кедергіге тап болған. Базынасын айта келгендер бұл мәселені әкім өз назарына алуын сұрады.

Сонымен қатар, тұрғын үйдің ауласы мен жолы да жөндеуді аса қажет ететінін де қоса кетті. Әкімнің қабылдауында болған «КазМис» саяжайының тұрғыны Әбілтай Айтқазин жергілікті халықтың мәселесін айта келген. Аталған ауылдың батыс бөлігіндегі қалаға шығатын жалғыз жолды «БАКАД» түрік компаниясы жауып тастаған. Салдарынан оқушылар мектепке бара алмай, халық қатынаудан қалған.

Іле ауданына қарасты Түймебай ауылының тұрғыны Жеңісгүл Дәулетова қолөнер орталығының құрылысына қолдау көрсетуді өтінді. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Баубақша қыпшақ саябағының тұрғыны Өрікгүл Илданова үйін салып болған соң ғана алаяқтарға алданғанын бір-ақ білген. 7,5 соттық жерді сатып алып, соңында ол жер 2022 жылдың қаңтар айынан бастап егістік жер деп танылғанын біледі. Жиын барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев басқарма басшылары мен аудан әкімдері мен орынбасарларына арнайы тапсырма беріп, кейбір мәселелерді аудан шеңберінде шешуді жүктеді.

 

1 of 4
- +
Тегтер: халықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz