Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алатауда ардагерлер арасында асықтан облыс чемпиондары анықталды

Алатау қаласында ардагерлер арасында асық ату және бес асық спортынан Алматы облысының чемпионаты мәресіне жетті. Додаға облыстың қала және ауданынан келген 50 жастан асқан ерлер мен 45 жастан асқан әйелдер қатысып, жеке және командалық есепте үздіктерді анықтады, деп хабарлайды ataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Чемпионаттың басты мақсаты – тамыз айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының ардагерлер арасындағы асық ату және бес асық чемпионатына қатысатын Алматы облысының құрамасын жасақтау.

Бүгінде Алматы облысы ұлттық спорт түрлерін жүйелі дамытып келе жатқан өңірлердің бірі саналады. Соңғы жылдары облыста түрлі жас санаттары бойынша жарыстардың саны артып, асық ату мен бес асыққа қызығушылық тұрақты өсіп келеді. Мұны спортшылардың республикалық деңгейдегі жоғары нәтижелері де дәлелдейді.

Алматы облыстық асық ату және бес асық федерациясының президенті Назым Байырбаевтың айтуынша, федерация құрылған төрт жылдың ішінде ұлттық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылған.

«Федерациямыздың құрылғанына небәрі төрт жыл болды. Осы уақыт ішінде тұрақты жұмыс жүйесі қалыптасты. Биылдың өзінде әртүрлі жас санаттары бойынша алты облыстық турнир өткіздік. Ең бастысы – спортшыларымыз республикалық жарыстарда тұрақты түрде чемпион әрі жүлдегер атанып келеді. Ардагерлер спортының орны ерекше. Олар ұлттық дәстүрді сақтап қана қоймай, өз тәжірибесін жас буынға үйретіп, ұлттық спортқа деген сүйіспеншіліктің өмір бойы жалғасатынын дәлелдеп жүр», – деді Назым Байырбаев.

Жарыстың бас төрешісі Еркін Рақымбаевтың сөзінше, қазіргі таңда жеңіске жету үшін мергендіктің өзі жеткіліксіз. Психологиялық дайындық, дұрыс тактика және соңғы сәтке дейін жинақылықты сақтай білу де маңызды рөл атқарады.

«Қатысушылардың басым бөлігі бұл спортпен ондаған жыл бойы айналысып келеді. Сондықтан жарыс өте тартысты өтті. Осындай чемпионаттар республикалық деңгейде ел намысын қорғайтын мықты құраманы іріктеуге мүмкіндік береді», – деді Еркін Рақымбаев.

Қатысушылардың айтуынша, бұл жарыс олар үшін тек Қазақстан чемпионатына жолдама алу ғана емес, көптен көріспеген әріптестерімен қауышып, ұлттық спорт арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Әйелдер арасындағы бес асық жарысының жеңімпазы, Қарасай ауданынан келген Гахар Сагиева ұлттық спорттың ұрпақтарды жақындастыратын күшке ие екенін атап өтті.

«Біз үшін бұл жарыс – достармен кездесіп, тәжірибе алмасуға әрі жасымызға қарамастан сүйікті спортпен айналысуды жалғастыра алатынымызды дәлелдеуге мүмкіндік. Әсіресе, ойындарымызды балалар мен жастардың келіп тамашалағаны қуантады. Олар ұлттық спортты жалғастырады деп сенемін», – деді Гахар Сагиева.

Жеңімпаздар анықталды

50 жастан жоғары ерлер арасында:

  • І орын – Ипрат Срайлов (Еңбекшіқазақ ауданы);
  • ІІ орын – Қанат Тилимесов (Еңбекшіқазақ ауданы);
  • ІІІ орын – Талғат Иманбаев (Райымбек ауданы).

60 жастан жоғары ерлер арасында:

  • І орын – Қуаныш Чурумбаев (Жамбыл ауданы);
  • ІІ орын – Жанболат Куныпянов (Райымбек ауданы);
  • ІІІ орын – Миргалим Жоргенбаев (Қарасай ауданы).

70 жастан жоғары ерлер арасында:

  • І орын – Тұрғанбек Бекетаев (Қарасай ауданы);
  • ІІ орын – Ақболат Сабаканов (Еңбекшіқазақ ауданы);
  • ІІІ орын – Амангелді Маткаримов (Еңбекшіқазақ ауданы).

Әйелдер арасындағы бес асық жарысында Қарасай ауданының өкілдері Гахар Сагиева, Нұрсұлу Дарибаева және Ақмарал Нұрмағамбетова жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жалпы командалық есепте:

  • І орын – Еңбекшіқазақ ауданы;
  • ІІ орын – Қарасай ауданы;
  • ІІІ орын – Жамбыл ауданы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар ұлттық спортты дәріптеп қана қоймай, аға буынның белсенді өмір салтын насихаттауға және жастардың асық ату мен бес асыққа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Halyk қоры «Болашақ ойындары – 2026» аясындағы фиджитал-баскетбол жарысын қолдайды

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2026

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жазалаудан емес, алдын алудан басталуы керек – сарапшы

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2026

Жеңіл табыс уәдесі – қауіпті тұзақ

Диана Ахметова
29.07.2026

Тазалық – ортақ міндет, таза орта – жарқын болашақ

Диана Ахметова
29.07.2026

Ата Заң – ел дамуының басты бағдары

Диана Ахметова
29.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz