Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Alatau Hub IT-жобаларға сервер таңдауға арналған тегін онлайн-воркшоп өткізеді

25 қарашада Alatau Hub host24.kz компаниясымен бірлесіп, «Идеядан іске қосуға дейін: IT-жоба үшін серверлік инфрақұрылымды қалай таңдауға болады?» тақырыбында онлайн-воркшоп ұйымдастырады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026
Жаңалықтар

Іс-шара IT-жобаларды әзірлеушілерге, стартап иелеріне және цифрлық өнімдерін дамытуды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге арналған.

Воркшоп барысында host24.kz компаниясының өкілі Берік Бекмұрзаев серверлік инфрақұрылымды дұрыс таңдаудың маңызын түсіндіріп, виртуалды хостинг, VPS және жеке сервердің айырмашылықтарына тоқталады.

Сондай-ақ қатысушылар сервердің техникалық сипаттамаларын түсінуді, жобаның қажеттілігіне қарай ресурстарды есептеуді және артық шығынсыз тиімді инфрақұрылым құру жолдарын үйренеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, серверді дұрыс таңдау сайт пен қосымшалардың тұрақты жұмыс істеуіне, жүктеме артқан жағдайда жүйенің баяулауын болдырмауға және жобаны тиімді дамытуға мүмкіндік береді.

Онлайн-воркшоп 25 қараша күні сағат 11:00-де Google Meet платформасында өтеді.

Қатысу үшін Astana Hub мобильді қосымшасын жүктеп, платформада алдын ала тіркелу қажет. Онлайн-кездесуге қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға платформа арқылы қолжетімді болады.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
23.11.2026

Жаңарған Конституция – жаңарған Қазақстан

Акжаркын
23.11.2026

Жасыл Қазақстанға бірге қадам басайық

Акжаркын
23.11.2026

Алматы облысының Іле ауданында мектептер мен колледждер маңында рейдтер күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Қонаевта 100-ден астам тұрғын баспана кезегіне қатысты кеңес алды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz