Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Alatau City жобасын жүзеге асыру – еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс — Президент

Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысында жобаның мемлекеттік маңызы ерекше екенін атап өтіп, барлық міндеттердің нақты нәтижеге бағытталуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қаланы дамыту жұмыстары кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін айтты.

«Қаланы көркейту жұмысы кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Бұл – Қазақстанның барлық қалаларына қатысты міндет», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, арнайы құқықтық режимді енгізу, инвестицияларды қорғау және инфрақұрылымды дамыту бір-бірімен тығыз байланысты бағыттар болып табылады.

«Арнайы басқару режимін енгізу, инвестицияны қорғау және қажетті инфрақұрылымды дамыту ісін бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Бұл бағыттардың бәрі өте маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, қажетті инфрақұрылымсыз және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерінсіз халықаралық капиталды тарту мүмкін емес.

«Мысалы, бастапқы инфрақұрылым болмаса, инвестиция қорғалмаса, халықаралық инвесторлар мұнда келмейді. Бұл айқын нәрсе. Арнаулы құқықтық режим болмаса, инновациялық тәсілдерді енгізе алмаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Alatau City жобасының түпкі мақсаты әлемдік стандарттарға сай заманауи қала қалыптастыру екенін атап өтті.

«Шын мәнінде, Alatau City жобасын жүзеге асыру – тұрмыс сапасы және іскерлік ортасы ең жоғары әлемдік талаптарға сай келетін озық қала салу деген сөз», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы мемлекеттік маңызы бар стратегиялық жоба ретінде бағалады.

«Бұл – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс. Сондықтан біз тыңғылықты, тиянақты, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Құр қағаз жүзіндегі есептің еш қажеті жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Президент барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысы нақты нәтижемен бағаланатынын айтты.

«Бәрімізге керегі – бір-ақ нәрсе: бұл – нақты нәтиже. Қажетті жағдайдың бәрі жасалып жатыр. Тиісті құқықтық негіз бар, ресурс та жеткілікті. Енді барлығы алдағы міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуына тікелей байланысты болады. Әрбір бағыт бойынша жеке жауапкершілік жүктеледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Президент Alatau City жобасының табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

«Осы ауқымды жобаны бірлесіп, табысты жүзеге асырамыз деп сенемін», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Алматы облысындағы GREEN ECO жылыжайының жұмысымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысындағы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Президент Алматы облысының әлеуетіне жоғары баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz