Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Астанада Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Кореяның озық ғылым және технологиялар институтының (KAIST) Alatau City-де филиалын ашу жөніндегі бірлескен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) ресми таныстырылымы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, KAIST университетінің басшылығы мен сарапшылары, сондай-ақ Alatau City басқарушы компаниясының өкілдері мен инвесторлар қатысты.

Кездесу барысында KAIST мамандары QAIST жобасының әзірленген техникалық-экономикалық негіздемесінің негізгі нәтижелерін таныстырды. Құжатта болашақ университеттің тұжырымдамасы, академиялық моделі, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары, факультеттер құрылымы, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігі мен ықтимал тәуекелдеріне жүргізілген талдау қамтылған.

Таныстырылым аясында қатысушылар зерттеу нәтижелерін талқылап, жобаны іске асырудың келесі кезеңдері мен негізгі басымдықтарын айқындады.

Мамандардың айтуынша, техникалық-экономикалық негіздеменің сәтті аяқталуы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы бірлескен бастаманы жүзеге асырудағы маңызды кезең болып саналады. Құжат жобаның академиялық және экономикалық тұрғыдан жоғары әлеуетке ие екенін растап, болашақ ғылыми-білім беру кластерінің негізгі параметрлерін, заманауи кампус салу кезеңдерін және халықаралық деңгейдегі инженерлік кадрларды даярлау моделін айқындайды.

KAIST филиалының Alatau City-де ашылуы Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым саласын дамытуға бағытталған стратегиялық жобалардың бірі болмақ. Жоба халықаралық ғылыми-технологиялық орталық қалыптастыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға, инновациялық технологияларды коммерцияландыруға, әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан мен Орталық Азия үшін жоғары білікті инженерлік мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz