Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Alatau City-де $200 млн-нан астам қаржыға Lotte қонақүйі салынуы мүмкін

Alatau City-де Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарында қуаты 500 МВт болатын газ электр станциясы мен құны 200 млн доллардан асатын қонақүй кешенінің құрылысы бар, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Бұл мәселелер Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Корея Республикасына жұмыс сапары барысында талқыланды. Ол Korea Electric Power Corporation (KEPCO), Lotte Hotels & Resorts, Doosan Enerbility және Global Green Growth Institute (GGGI) басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында корей компанияларының Alatau City-дегі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуы талқыланған.

Атап айтқанда, Doosan Enerbility және GGGI басшылығымен Alatau City-де қуаты 2×250 МВт болатын, кейіннен сутегіге көшу мүмкіндігі бар газ электр стансасын салу мәселесі талқыланды. Жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып іске асыру қарастырылған.

KEPCO корпорациясымен кездесуде Alatau City-дің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту: корей корпорациясының электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жобалауға, қосалқы стансалар салуға, ұлттық энергия жүйесімен интеграциялауға және жергілікті электр желілерін қосуға қатысуы талқыланды.

Ал Lotte Hotels & Resorts компаниясымен Alatau City-де L7 by Lotte қонақүйі бар көпфункционалды кешенді іске асыру мүмкіндігі талқыланды. Құны 200 миллион доллардан асатын жоба 180 бөлмелі қонақүйді, кеңсе кеңістіктерін және тұрғын апартаменттерді көздейді.

Қазақстан үкіметінің мәліметінше, қазір Alatau City-дің инвестициялық портфеліне жалпы құны 6,9 миллиард доллар болатын 67 жоба кіреді. Оларды іске асыру нәтижесінде 55 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

Әділетті мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі

Акжаркын
15.09.2026

Әділет пен тәртіп жолындағы қоғам

Акжаркын
15.09.2026

Су тапшылығына жауап: Алматы облысының шаруалары жаңа технологияға көшіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz