Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алакөл жағалауындағы электр энергиясының тапшылығы мәселесін қалай шешуге болады

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірге алғашқы жұмыс сапары барысында Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалардың жай-күйімен және іске асырылуымен танысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

20.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Ақши ауылында электр беру желілерін қайта құру және салу жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. 67,4 км электр беру желісі салынады және қайта жаңартылады. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алайда, мамандар бұл шаралар бүгінде 10 Мвт құрайтын электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешпейтінін атап өтті. Сондықтан Ақши-ге қосымша электр желілерін тарту жоспарда бар.

«Тағы бір жобаның ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеуге қаражат бөлінді. Бескөл көлінен Ақшиға дейінгі жолды және Ақши-Көктұма-Ақтоғайдың екінші желісін тарту қажет.  Осы желілердің әрқайсысында жұмыс істеп тұрған екі қосалқы станцияны қайта құру, сондай — ақ қосымша тағы екеуін салу қажет»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қыс мезгілінде болуы мүмкін электр энергиясының артығын Достық станциясына қайта бағыттау ұсынылады, онда электр энергиясының тапшылығы да байқалады.

Ақши-да сумен қамтамасыз етуге келетін болсақ, проблемалар толығымен шешілді, деп мәлімдеді мамандар. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында демалыс аймақтарын ескере отырып, көл жағалауын сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді. Бүгінгі күні Тоқжайлау, қоңыр, Бибақан, Кеңес ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ Теректі, Лепсі, Көктұма, Бұлақты ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды.

Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz