Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасы: Алматы облысында жолдың қауіпті аумақтары анықталып жатыр

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасы аясында Алматы облысында мобильді топ жұмыс істей бастады. Бұл топтың құрамында әкімшілік полиция басқармасының және көлік жөніндегі сараптамалық кеңестің өкілдері бар.

24.01.2023
Аймақ

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, мобильді топ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарын аралап шықты.

Бұл аудандар жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол апаттарының статистикасы негізінде, сондай-ақ аталған аумақта жол ережелерін бұзу туралы деректердің көп болуына байланысты таңдап алынды.

Сонымен қатар Алматы облысының прокуратурасы мен Алматы көлік прокуратурасы көліктік бақылау инспекциясымен, облыстық полиция департаментімен бірлесіп «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасын іске асыру аясында өткен демалыс күндері «Алматы-Өскемен» тас жолында артық жүгі бар жүк көліктерін анықтау бойынша бірлескен рейд жүргізді.

Рейд барысында 30-40% артық жүктемесі бар үш автокөлік анықталды.

Кінәлі заңды тұлғалар 571-баптың 6-бөлігі (ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақ параметрлерінен асып кетуі, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тіркелуі), 571-1-баптың 1-бөлігі (тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын ұсынбауы), 571-баптың 9-бөлігі (жүк жөнелтушінің автокөлік құралын тиеу процесінде Қазақстан заңнамасында белгіленген рұқсат етілген салмақ параметрлерін бір тоннадан және (немесе) габариттік параметрлерден асыруы) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Облыстық прокуратура тұрғындардың «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасына қатыса алатынын еске салады.

Ол үшін жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамдардың болмауы, қарды уақтылы жинамау, сапасыз құрылыс, автожолдарға қызмет көрсету және жөндеу, жолда малдың болуы туралы фото және бейне материалдарды телеграм арнаға жіберу қажет (+7-777-012-35-91).

Тегтер: Алматы облысыжобаЖол қозғалысы қауіпсіздігі

Соңғы жаңалықтар

Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Министрлік мәлімдеді: биыл ҰБТ-ны 240 мыңға жуық түлек тапсырады

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Алматы облысында кене шаққандар саны өсті

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Алматы облысында 43 бас ірі қара ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Алматы облысында туған әкесін соққыға жығып өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz