Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісулықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» атты мерекелік шаралар өткізілді.

01.05.2023
Аймақ
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мұнда қалалықтар мен қала қонақтары түрлі спорттық ойындарды, ұлттық тағамдар көрмелерін тамашалап, өнер ұжымдарының концерттерін тамашалады. Көпшілікті мерекемен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде облыс басшысы Б. Исабаев жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа уақыт жағдайында елдің ішкі тұрақтылығын сақтаудың аса маңызды екеніне ерекше назар аударғанын атап өтті.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Байлық байлық емес, бірлік — байлық» дейді халқымыз. Қазіргідей жаһандағы геосаяси жағдайлар мен мүдделер қақтығысы күрделеніп тұрған шақта тыныштықты бағалай білудің маңызы еселене түсуде. Біз саналуандықтан бірлікке, даралықтан тұтастыққа, бөлшектен бүтінге бет бұрған жаңа қоғам құру үстіндеміз. Мемлекет сіз бен бізден құралады. Сондықтан туған еліміздің жауапкершілігі де бәрімізге ортақ. Еліміздің ырысы мол, бірлігі берік, тұғыры биік болсын. Өзара татулығымыз бен тұрақтылығымыз нығайып, мемлекетіміз өсіп-өркендей берсін. Баршаңыздың шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, мол бақыт тілеймін», — деді құттықтау сөзінде Б. Исабаев.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы күні саябақ аумағында «Жетісу сазы» ансамблі мен түрлі этностардың ұлттық аспаптары қосылып, күй шертіп, этно-мәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырды. Жастарға арналған алаңқайда флеш-моб, би, жастарға арналған ойындар өткізіліп, фотоаймақ орналастырылды. Түрлі спорттық ойындарға да талдықорғандықтар қызыға қатысты. Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі де қызу жүріп жатты.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 of 6
- +

Саябақта құрылған сахнада өнер ұжымдарының бірлескен концерті ұйымдастырылды. Алдымен «Бір шаңырақ астында» атты ұлттар достығын бейнелейтін музыкалық-хореографиялық көрініс ұсынылып, соңынан Жетісу облыстық филармониясы, «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және облыстық, қалалық би ұжымдары өнер көрсетті. Ал кешке мерекелік шаралар осы саябақта жастарға арналған кешкі ойын-сауық бағдарламасымен жалғасады.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тегтер: Бірлік күніЖетісу облысымерекеТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz