Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында сегіз айлық бала іздестіріліп жатыр

Желіде қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Қаскелең және Талдықорған қалаларының прокуратурасы, полициясы қызметкерлерінен, сондай-ақ балалар омбудсменінен әкесі ұрлап кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұраған видеосын жариялады.

06.09.2023
Аймақ

Видеода қоғам белсендісі жоғалған сегіз айлық қыздың әлі де емізулі екенін айтады. Сәбидің әкесі қайын енесін ұрғаны үшін 15 күндік әкімшілік қамауға алынған. Дина Таңсәрінің болжамынша, агрессивті әке баланы бір жерде жасырып отыр.

Ал Талдықорған қалалық полициясы 31 тамыздан бастап Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғанын растады. Ол әкімшілік соттың қаулысына сәйкес 15 тәулікке қамауға алынған. Ер адам Талдықорғанда 33 жастағы жұбайы мен оның анасына қатысты жасаған «Денсаулығына қасақана жеңіл залал келтіргені» үшін ұсталған.

«Қыркүйек айының басында әкімшілік соттың қаулысымен ұсталған ер адамның жұбайы тағы да Талдықорған қалалық полициясына шағымданған. Ол 12 тамызда Қаскелең қаласында ерлі-зайыптылардың кезекті жанжалынан кейін күйеуі алып кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұрады. Қазіргі уақытта баланы іздеу шараларына Талдықорған мен Қаскелеңнің полицейлері атсалысып жатыр», — деп хабарлады Жетісу облысы ПД.

Жиналған материалдар Қарасай аудандық ПБ-ға қарау және процестік шешім қабылдау үшін жіберілді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz