Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 9 жолаушы құтқарылды

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды.

23.01.2023
Аймақ

22 қаңтарда сағат 19:50-де Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа райының қолайсыздығына байланысты қалың қарда көлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу Ақши ауылы мен Достық станциясынан құтқару бөлімшелерінің өкілдері жіберілді.

«23 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-де екпіні секундына 30 метрге жететін боранда «Ырғайты» учаскесінде жолда тұрып қалған 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді», — делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолы (84-тен 184 шақырымға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

«Жетісу облысының ТЖД азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға және 112 қызметі берген SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады», — делінген хабарламада.

Тегтер: Жетісу облысықар құрсауыТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz