Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысына 40 жедел жәрдем көлігі берілді

Жетісу облысының денсаулық сақтау саласы 40 жедел жәрдем көлігімен толықты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

10.11.2022
Аймақ

Талдықорғанда көліктердің кілтін беру рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Джансенгіров қатысты.

«Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 1,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Соның едәуір бөлігі материалдық базаны жақсартуға бағытталып отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл облыстың 6 ауданының ауылдарында 12 блок-модульдік медициналық кешен орнатылады. Екі жылда мұндай нысандар тағы 40 ауылда салынады. 2023 жылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңір ауылдарында тағы 59 нысанның құрылысы жоспарланған (15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медпункт). Медицина мекемелерін салу мен оларды күрделі жөндеу, заманауи құрал-жабдықтармен қамту жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында бізге нақты тапсырма берді», — деді Бейбіт Исабаев.

«Соған орай 13 санитарлық автокөлік сатып алынып, аудандарға беріледі (8 берілді, 5-еуі қаңтарда беріледі). Бұл жедел жәрдем автокөліктер алғашқы медициналық көмекке қажетті барлық құралдармен жабдықталған», — деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Өңір басшысының сөзінше, облыстағы жедел жәрдем стансасының санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100%-ға жетті.

Тегтер: жедел жәрдемЖетісу облысыкөлік

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz