Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,8%-ды құрап, өңірдің тұрақты өсім қарқынын айқындады.
Жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Салыстырмалы түрде, 2024 жылдың осы кезеңінде өсім 7,4% болып, 1,2 трлн теңге болған. Бұл — кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Соңғы үш жылда облыс республикадағы жалпы экономикалық көрсеткіштер бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді.
Салалар бойынша өсім:
- Өнеркәсіп өндірісі 7,4%-ға артып, 1 трлн 152 млрд теңгеге жетті (2024 ж. — 884,3 млрд тг).
- Ауыл шаруашылығы 3%-ға өсіп, 224,2 млрд теңге болды (2024 ж. — 192,2 млрд тг).
- Сауда қызметтері 19,4%-ға ұлғайып, 856,6 млрд теңгеге жетті (2024 ж. — 686 млрд тг).
- Құрылыс саласы 30,6%-ға өсіп, 146,3 млрд теңгені құрады (2024 ж. — 110,4 млрд тг).
- Тұрғын үйді қолданысқа беру 5,6%-ға артып, 621,9 мың шаршы метрді құрады (2024 ж. — 589 мың ш.м).
Негізгі мақсат — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін өңір экономикасын 7%-ға өсіру. Болжам бойынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 6,4 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.





