Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жартыжылдық қорытынды: Алматы облысы көшбасшылар қатарында

Алматы облысы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай серпін көрсетті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: shutterstock

Фото: shutterstock

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,8%-ды құрап, өңірдің тұрақты өсім қарқынын айқындады.

Жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Салыстырмалы түрде, 2024 жылдың осы кезеңінде өсім 7,4% болып, 1,2 трлн теңге болған. Бұл — кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Соңғы үш жылда облыс республикадағы жалпы экономикалық көрсеткіштер бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

Салалар бойынша өсім:

  • Өнеркәсіп өндірісі 7,4%-ға артып, 1 трлн 152 млрд теңгеге жетті (2024 ж. — 884,3 млрд тг).
  • Ауыл шаруашылығы 3%-ға өсіп, 224,2 млрд теңге болды (2024 ж. — 192,2 млрд тг).
  • Сауда қызметтері 19,4%-ға ұлғайып, 856,6 млрд теңгеге жетті (2024 ж. — 686 млрд тг).
  • Құрылыс саласы 30,6%-ға өсіп, 146,3 млрд теңгені құрады (2024 ж. — 110,4 млрд тг).
  • Тұрғын үйді қолданысқа беру 5,6%-ға артып, 621,9 мың шаршы метрді құрады (2024 ж. — 589 мың ш.м).

Негізгі мақсат — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін өңір экономикасын 7%-ға өсіру. Болжам бойынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 6,4 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарэкономика

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz