Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңатұрмыс тұрғындары жеті күн ауыз сусыз: ауылға облыс әкімдігінен комиссия келді

Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары 7 күннен бері ауыз сусыз отыр. Себебі елді мекенге су жіберетін құбырдың бір бөлігі аязды күндері қатып қалған.

20.01.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«7 күн бойы әкімдік қызметкерлері арнайы көлікпен тұрғындарға су тасып жатыр. Оны тек ауыз суға қолданып жүрміз. Ал қарды ерітіп, кір-қоң, ыдыс-аяқ жууға пайдаланамыз. Қыстыгүні су тасып күн көреміз деп ойламаппыз», — дейді ауыл тұрғыны Дана Мейірбекова.

Фото: Аслан Қажеке

Ауылды сумен қамтамасыз ету мақсатында 38 адамнан құралған бригада жұмыс істеп жатыр. Жағдайды тексеру үшін бүгін мұнда облыстық комиссия өкілдері де келді. Олар мәселе енді өңір басшылығының бақылауында болатынын айтады.

«Бүгін арнайы комиссия құрылып, мәселені бақылауымызға алдық. Құбыр қатқан тау етегіне барып, өз көзімізбен көріп қайттық. Су желісінің жалпы ұзындығы — 9,5 шақырым, оның 1,5 километрі қатқан. Темір құбырдың бойына резеңке дөңгелектерді қойып, оны өртеп, еріту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда құбырдың суы ерітілмеген  90 метрлік бөлігі қалды», — деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айдар Бағашарұлы.

Фото: Аслан Қажеке

Басқарма маманының сөзіне сүйенсек, негізгі су құбырының жұмысы жанданғанға дейін жағдайдан уақытша шығу үшін ұзындығы – 90 және 300 метр болатын 40 градус аязға шыдамды құбырлар орнатылған.

Айта кетейік, Жаңатұрмыс ауылындағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында осы күні ұңғыма құрылысы жүргізіліп жатыр – 2023 жылы қолданысқа беріледі.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 7
- +
Тегтер: Алматы облысыауыз суЖаңатұрмысҚарасай

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz