Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданының кішкентай ауылында шағын өндіріс өнім беріп отыр

Алматы облысы, Жамбыл ауданында, Суықтөбе тауының етегіндегі аядай ғана Қастек ауылында бас киім тігетін шағын өндіріс орны бар. «Нұрлан» жеке кәсіпкерлігінің тігін цехында бүгінде 20-ға жуық адам еңбек етеді.

11.11.2023
Аймақ

Мұнда табиғи таза былғары мен иін қандыра өңделген күдеріден әдемі бас киімдер тігіледі. Аталған кәсіпорын 2020 жылдан бастап ресми тіркеліп, жұмысын жүргізуде. Ең алдымен бұл кәсіпті Нұрланның әкесі Ерқайрат қолға алған. Ол 90-жылдардағы өтпелі кезеңде күзен терісінен жасаған бұйымдарын Алматы базарларында саудалаған.

Жиырма жылдан астам уақыт шұғылданған кәсібіне әбден машықтанған ауыл азаматы шеберлігін шыңдап, мол тәжірибе жинақтады. Кейін бұл істі баласы Нұрланға тапсырды. Әкенің барлық білімі мен дағдыларын үйренген ол кәсіпкер жолын сәтті жалғастырды.

Жас кәсіпкер 2018 жылы ауылдан екі цехы бар үлкен коттедж тұрғызды. Өндіріс орнындағы құрал-жабдықтарды заманға сай жаңарту үшін банктен несие алды. Онда «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 14,75 пайыздық мөлшерлеме субсидияланды және «Даму» қорының кепілдігі берілді.

Көлемі кеңейген цехта былғары және күдері бұйымдары, күзен терісінен жасалған бас киімдер тігіледі. Өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне саудалануда.

Күдері – жұмсақ етіп, ерекше тәсілмен өңделген терінің бір түрі. Әбден иі қанып, жұмсартылып дайындалатын тері бұғы, бұзау, елік, басқа да жануардан алынады. Ол суыққа өте төзімді. Күдеріні әртүрлі түске бояуға болады. Одан сырт киім, аяқкиім, қолғап та тігіледі.

Тегтер: Алматы облысыЖамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz