Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұзынағаш тұрғындары су тасқынынан қауіптеніп үйлерін қапшықтарымен қоршап жатыр

Ондаған ауыл көшелерін су басып үлгерген.

09.02.2023
Аймақ

Ауыл тұрғыны Мира Молдыбаева үйіне су кіретін жолды мүмкіндігінше жауып тастап жатыр.

«Тас, қоқыс, топырақ, қап барлығын қолданып жатырмыз. Септик аузына дейін толған. Су үйге кірейін деп тұр. Шаршадым», — деді ол.

Қазір өңірде балалар мектеп пен балабақшаға бара алмай отыр. Ал үлкендер болса ауыз су іздеп әлек. Жаңадан салынып жатқан ғимараттарда су мүлдем жоқ.

«Су жоқ. Барлығы аулада құдық қазып жатыр, бірақ ол қазір қатып қалды. Сондықтан көршілерден су іздеп құтыларымызбен осылай жүреміз», — деді тұрғын Зәуреш Төбішева.

Тұрғындар бірнеше жылдан бері ауылдың мәселесін шешуді сұрап жергілікті атқамінерлерге жүгінген. Өз кезегінде ауыл әкімдігі тұрғындардың өтініш-тілектерінің назардан тыс қалмайтынын жеткізген.

«Бұл жағдай қазір барлық жаңадан салынып жатқан ғимараттарда байқалады. Қар еріп, су үйлерге қарай ағып жатыр. Қазір арықтарды тазалап, суды кері бағытта төмен түсіріп жатырмыз. Көшеде 10 техника және 50 адам жұмыс істеп жатыр», — деді Ұзынағаш ауылдық округі әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Нұрбол Мырзабаев.

Билік тұрғын үйлерді су баспайтынына уәде беріп отыр. Ал ауыз суды тартуға қаржы биыл бөлінетінін айтты.

Тегтер: Алматы облысысу тасқыныҰзынағаш

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz