Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұзынағаш ауылындағы тірек мектеп жабдықталды

Бүгін Ұзынағаш ауылындағы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте «Ашық есік күні» өтті.

27.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Аталған оқу ошағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында жабдықталды. Нақтырақ айтқанда, Назарбаев зияткерлік мектебінің стандартына сәйкес, 37 оқу кабинеті мен шеберхана, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылды. Бұл жұмысқа жалпы сомасы 250 млн. теңгеге жуық ақша жұмсалды.

Мектептегі Ашық есік күніне «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев қатысып, елімізде тірек мектептердің маңыздылығы жайлы айтты.

Фото: Аслан Қажеке

«Жабдықтаудан бөлек, зияткерлік мектептердің мамандары мұндағы мұғалімдерге біліктілікті арттыру бойынша сабақ өтеді. Нәтижесінде балалардың да білімі артады. Еліміздің оқу саласындағы басты мақсат — ауыл мектептерінің білім сапасын қаладағы оқу орындарымен бір деңгейде ету. Сондықтан қолға алынып жатқан бұл шаралардың маңызы зор. Ал тірек мектептер өз атында тұрғандай, жан-жағындағы оқу ошақтарымен тәжірибе алмасады. Бұл да саланың дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры робототехника кабинеттерін жабдықтайтынын айта кеткім келеді», — деді Болат Жәмішев.

Фото: Аслан Қажеке

Оның айтуынша, қоғамдық қор 17 ауылдық тірек мектептерін құруды жоспарлап отыр. Жобаның бюджеті 4 млрд 250 млн теңге. Қазіргі таңда Қор 16 тірек ауыл мектебінің мұғалімдерін оқыту курстары мен тағылымдамадан өткізді.

Сонымен қатар шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев биыл өңірде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 3,1 млрд. теңге бөлінгенін айты.

Фото: Аслан Қажеке

«Білім саласының дамуы – қоғам дамуының басты көрсеткіші және мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты болып отыр. Облыстың 2023 жылғы білім саласына бекітілген бюджеті 307,4 млрд.теңгені құрайды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 3,1 млрд. теңге бөлінді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Биылғы жылдың жоспарында 16 мектепті қолданысқа беру тұрғанын айтқан облыс әкімі «Қазақстан халқына» қорының мамандарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, Ұзынағаштағы тірек мектепте 2083 оқушы үш ауысымда білім алады. Іргесі 1974 жылы қаланған.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтармектепҰзынағаш

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz