Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үңгіртас ауылы тұрғындарының жері кімнің қолында кеткен?

Жамбыл ауданына қарасты Үңгіртас ауылының тұрғындары 10 мың гектар жерден айырылып қалдық деп шағымданып отыр.

13.09.2023
Аймақ

Аталған мәселені Алматы облысындағы басшыларға жеткізгісі келеді. Тарқатып айтсақ, 2002 жылы 161 тұрғын жалпы ауданы 13000 гектардан астам жерді мемлекеттен 49 жылға жалға алған. Бұл жер ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылуы керек болған. Арада бірнеше жыл өткен соң инвестор табылып, ол осы жерге мал бордақылау алаңын салған. Халық жерін түгелдей «пай алып отырамыз» деп кәсіпкердің қолына ұстатқан.

«Инвестор жылына 5-6 мың теңгеден төлеп отырды. Ең көп дегенде 30 мың теңгеден үлестірді бәрімізге. Жердің пайдасын көрмей, әбігерге түскен соң инвестормен сөйлестік. Сонда бізге басқа құжатты көрсетті. Онда менің иелігімде 17 гектар жер бар екені анық жазылып тұр. Негізі, әу баста 67 гектар жерім болған. Мен сияқты сан соғып отырған жұрттың қарасы көп. Барлығымыздың дәлеліміз бар. Жеріміздің қалай талан-таражға түсіп кеткенін білмейміз», — деді тұрғын Гүлбану Жастықбаева.

Дәл осы оқиғаны Дәулеткелді Ұзақов қарт та басынан кешіп отыр. Оның әуелде 83 гектар жері болған, қазір ол 20 гектарға дейін азайып кеткен.

«Қазақта жер дауы мен жесір дауы деген баяғыдан бар. Бұл мәселе ешкімге көрінбегенімен, бар екені рас. Біздің сұрарымыз — жерді қайтарып берсін», — дейді тұрғын Жолдахан Еспаев.

Қазіргі таңда елдің иелігінде 3700 гектар жер ғана қалған. Ауылдағы Мәдениет үйінің алдына жиналған халық сотқа арызданамыз деп отыр. Сонымен қоса олар бұл іске тиісті басқарма, мекеме басшылары да кірісіп, мәселенің шешілуіне ықпал етуді сұрайды. Олар жерді қайтарып берсе, игеруге ниетті екендерін жеткізді.

Ауыл әкімі Дәурен Абдуали тұрғындар сөзін растады.

«Осыған дейін бұл мәселені талқылап, халықпен бірнеше рет жүздестік. Өздерінің адвокаттары бар. 40 адам ол маманға сенімхат берген. Енді халық сотқа арыз жазбақ. Тұрғындардың айтуынша, бастапқы құжатта көрсетілген жер аумағы мен инвесторға өткен жер көлемінде айырмашылық бар. Қазіргі таңда инвестордың бірінің үстінен басқа жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бір жағынан халықтың уайымы да сол болуы мүмкін. Егер жер мәселесіне қатысты қандай да бір іс қозғалса, әкімдік тарапынан қолдау көрсетіп, көмек беруге дайынбыз», — деді ауыл әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz