Жоғалғаны туралы ақпарат Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне түскен. Хабарлама негізінде ТЖД-ның жедел-құтқару жасағының кезекші механикаландырылған патрулі іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу жұмылдырылды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бала тез арада табылып, медициналық көмекті қажет етпеді. Ол ата-анасына аман-есен табысталды.
Осы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы да ескертеді.
Бақылаусыз қалған бірнеше минут — қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Сондықтан демалыс кезінде қауіпсіздік шараларына салғырт қарамау маңызды. ТЖМ ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырады.





