Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ТЖД Іле ауданында оқу-жаттығу өткізді

Аталған оқу-жаттығу жұмыстары орман өртінің пайда болу және оны жою іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

25.04.2023
Аймақ
Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқу-жаттығуға төтеншеліктерден бөлек, орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары, еріктілерден құралған «Табиғат» өртке қарсы құрылымдары қатысты.

Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

1 of 5
- +

«Алматы облысында орман өрттері мен құрғақ шөптердің өртенуіне қауіпті маусым сәуірден қарашаға дейін жалғасады», — деп жазды баспасөз қызметі.

Баспасөз мамандарының мәліметінше, өрттің алдын алу, анықтау және жою үшін әуе бөлімшелері мен жердегі өртке қарсы қызметтер жұмылдырылады. Ал оқу-жаттығу кезінде жерді зерттеу, су айдындарының орналасқан жерін қайта анықтау, өртке қарсы тосқауылдар жасау секілді бірқатар іс-шаралар пысықталды.

Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

«Сондай-ақ төтеншеліктерге өрттің түріне байланысты оны оқшаулау және жою бойынша бірнеше әдістері үйретілді. Мысалы, өртеніп жатқан аумақтың шетіне топырақ төгу, сумен сөндіру, бөгеу жолақтарын төсеу. Кез келген жер қызыл жалынға оранған сәтте ең маңыздысы — алғашқы шешімді дұрыс қабылдау», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, облыста орманның жалпы ауданы 3,2 млн гектар. Өңірде орман өртіне қауіпті үш аудан бар: Балқаш, Іле, Ұйғыр аудандары.

Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

1 of 5
- +
Тегтер: Алматы облысыІле ауданыТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz